2023 жылдың 01 тамызынан бастап дәстүрлі "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы басталды, ол 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Акцияның ұраны: Жақсылық жаса.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады.
Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Көмек көрсету үшін мектепке жүгінуге болады.