«ДосболLIKE» жоба, 10 сынып

«ДосболLIKE» жобасы аясында 10-сынып оқушыларымен «Шабыттандыратын көшбасшы қандай болады?» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Кездесу барысында оқушылар нағыз көшбасшыға тән қасиеттерді талқылап, жауапкершілік, сенімділік, өзгелерді тыңдай білу, қолдау көрсету және командада жұмыс істей білу сияқты маңызды қасиеттерді атап өтті. Оқушылар интерактивті тапсырмаларды орындап, түрлі өмірлік жағдаяттарды талдап, «Шабыттандыратын көшбасшының портретін» құрастырды.

Іс-шара оқушыларға нағыз көшбасшының тек соңынан ерте білетін адам ғана емес, сонымен қатар өзгелерді шабыттандырып, қолдау көрсетіп, өз үлгісімен жақсы болуға ынталандыратын тұлға екенін түсінуге мүмкіндік берді.