1-сыныпта «Математикалық күзгі жапырақтар» атты зияткерлік ойын өткізілді

1-сыныпта «Математикалық күзгі жапырақтар» атты зияткерлік ойын өткізілді

Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 1-сынып оқушылары арасында «Математикалық күзгі жапырақтар» атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды.

Оқушылар қызықты математикалық тапсырмаларды орындап, белсенділік танытты. «Баскетбол» ойынын ойнады,  10 көлеміндегі сандардың құрамына сәйкес пойыз құрастырды, сандардың құрамын анықтап, жемістерді себеттерге жинады.

Ойын барысында оқушылар сандардың құрамын қайталап, логикалық ойлау, зейін қою, шапшаңдық және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытты. Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті!

Осындай қызықты ойындар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырып, білімді ойын арқылы меңгеруге мүмкіндік береді