3-сыныпта «Табиғат білгірлері»

Бастауыш сыныптар онкүндігі аясында 3-сыныпта «Табиғат білгірлері» атты танымдық іс-шара өткізілді. Оқушылар өсімдіктер мен жануарлар туралы сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтар шешті, қызықты тапсырмаларды орындап, түрлі сайыстарға қатысты. Іс-шара оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруға, дүниетанымын кеңейтуге және табиғатты аялауға тәрбиелеуге ықпал етті. Оқушылар белсенділік, тапқырлық танытып, қоршаған орта туралы жақсы білімдерін көрсетті.