«Тақия тастамақ»

Қазақ тілі және әдебиет апталығы аясында «Тақия тастамақ» атты дәстүрлі қазақтың балалар ойыны өткізілді. Ойынның мақсаты – оқушыларды ойын арқылы қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасына баулу. Ойын барысында балалар шапшаңдық, ептілік, зейінділік пен тапқырлық танытты. Ойын оқушылардың достық қарым-қатынасын нығайтуға, ұжымның ауызбіршілігін арттыруға және қазақ тілін үйренуге деген қызығушылығын оятуға ықпал етті. Осындай іс-шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, өз халқының мәдениетіне құрметпен қарауға және жағымды қарым-қатынас орнатуға тәрбиелейді.