Текст
«Қызыл лента» акциясы
Жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтілетін ЖИТС-пен күресудің Дүниежүзілік күні ВИЧ/ЖИТС індетінің әлемдік таралуын тоқтатудың маңыздылығын еске салатын маңызды дата болып табылады. Бұл күн алғаш рет 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) тарапынан жарияланып, аталған пандемиямен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың символына, сондай-ақ ВИЧ/ЖИТС мәселелері жөнінде қоғамның хабардарлығын арттырудың маңызды құралына айналды.


