Ата-аналар, 8 сынып

16 қазанда 8-сыныпта «Отбасы + мектеп = қолдау командасы» атты интерактивті кездесу форматында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыс барысында ата-аналармен жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері, қауіпсіздік, сенімді қарым-қатынас және балалардың эмоционалдық саулығы мәселелері талқыланды. Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы қатысушылар маңызды қорытындыға келді: отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығы ғана жасөспірімдерге қолдау сезінуге, сенімді түрде есейіп, қиындықтарды жеңуге көмектеседі.

Отбасы мен мектеп — бір команда! Өйткені әрбір бала өзін тыңдайтынын, түсінетінін және қолдайтынын білуі маңызды.