Ата-аналар, 3 сынып

3-сыныпта «Бастауыш сынып оқушыларының оқу мен тәрбиедегі жетістігі. Оқу дағдылары мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың оқу мотивациясын арттыру, дербестігі мен жауапкершілігін дамыту, сондай-ақ қарым-қатынас мәдениеті мен әдепті мінез-құлқын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Оқушылардың оқу жетістіктерін аралық бағалауға, оның оқу материалын меңгеру деңгейін анықтаудағы және оқудағы қиындықтарды дер кезінде анықтаудағы маңызына ерекше назар аударылды.Сонымен қатар ата-аналарға қауіпсіздік мәселелері және балалардың мінез-құлық ережелерін сақтауы бойынша нұсқаулық берілді. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға балалардың оқу жетістіктерін қолдау және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде ұсыныстар берілді.