14 наурыз күні . АПТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ. «оқушыларды өз тілін сүюуге, оны құрметтеуге үйрету» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің апталығына байланысты салтанатты саптық жиын жоспарымен таныстырылды. Апталықтың ашылу салтанатына жауапты қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері: Мухаш С., Алтынбекова Г.А. Бұл іс- шараның өз деңгейінде өткізді. Мектептің 1-қабаттағы дәлізіне апталық туралы мәлімет жазылған тақта қойылды. Апталық аясында сыныптан тыс интеллектуалдық, танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Пән бойынша ашық сабақтарды қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері жоғары деңгейде өткізді. Апталыққа 1-11сынып оқушылары қатысты.
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Мухаш Сандугаштың ұйымдастырумен «Қазақша сөйлейміз » атты интеллектуалдық сайыста 7-8 сыныптар арасында сыныптан тыс іс- шара өткізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, қазақ тілінде қаншалықты жақсы сөйлейтіндерің көрсетті. Сайыста «Жұлдыз» тобы женіске жетіп, мадақтамамен марапатталды.
Бастауыш сынып арасында «Құтты болсын Наурыз» деген тақырыпта сурет салу сайысы өткізілді. Байқау шарты бойынша оқушылар өте белсене қатысты. Сурет сайысын бастауыш сынып арасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мухаш С. ұйымдастырды. Сайысқа түскен сыныптар ішінде үздік суретшілер анықталды, оларды 1-2-3 орын иелендіріп, марапатталды.
7-сынып оқушылар арасында асық ойыны түрлерінен жарыс өтті.
Мақсаты-оқушыларды есепке, ептілікке, мергендікке үйрету. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып, асық ойынының спорт ретінде дамуына үлес қосу, өз білгенімізбен бөлісу. Мергендігімен, ептілігімен Захарова Ада 28 ұпаймен І орынды иеленсе, Мантлер Диана ІІ орынды қанжығасына байлады, ал Ловской Станислав ІІІ орынға тірелді.
Алдағы уақытта
мұндай жарысты жылда өткізу көзделуде. Жетекші: Алтынбекова Г. А.
Сынып-10.
Сабақтың тақырыбы: Презентация "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз"
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті мен шешендік өнері туралы баяндау. Ұлттық мерекелердің қазақ халқының рухани және материалдық өміріндегі алатын орнын анықтау, оқушының ой өрісін, ойлау белсенділігін, тіл мәдениетін, сөйлеу шеберлігін дамыту.
Елін, отанын қадірлей білуге еңбек сүйгіштікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, кеспе қағаздар, сөз жұмбақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, баяндау
Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінің онкүндігі қарсаңында ұлттық ойындар ұлықталды. Мектептің 9, 10, 11-сынып оқушылары тоғызқұмалақтан жарысқа қатысты.
Мақсаты — оқушылардың жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал ету және қазақтың ұлттық ойындарының жандануына ат салысу. Жетекшісі -Алтынбекова Гаухар Ануарбековна. Сайысқа мектептегі барлық жоғарғы сынып оқушылары 3 команда болып қатысты, ойын 2 кезеңнен тұрды. Ұйымдастырылған ойын өз мәресіне жетті. Төрешілердің шешімімен орындар тағайындалып, жеңімпаздар анықталды. Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орынды 11-сынып оқушысы Гаус Владислав, ІІ орынды Давлетшин Максим иеленді. Запольский Роман І орынға орналасты. Барша жеңімпаздарға мектеп атынан арнайы мақтау қағаздары табысталды.
17.03.2022. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігіне арналған сыныптан тыс іс- шара " Қазақтың күміс көмей әншісі “ атты презентацияны тамашалатты. 7 сынып
(2 топ) оқушылар арасында өткізілді.
Мұғалімі: Мухаш С.М.
18.03.2022. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің онкүндігіне арналған 5 сыныпта “Компьютердің пайдасы мен зияны“ атты ашық сабақ өткізілді.
Мұғалімі: Мухаш С.М.
Сабақ барысында жаңа технологиялар қолданылып, өте тартымды өтті.
Сонымен қатар апта соңында әр сыныпқа орындар иелендіріп, марапатталды.Апталықта жоспарланған іс- шаралармен ашық сабақтар жоғары деңгейде өтті. Апталықтың өтілу сапасына пән мұғалімдер арасында талданып, сараптама жүргізе отырып, өз пікірлерін қосты.
Қазақ тілі және әдебиет пәні бірлестігінің жетекшісі: Мухаш С.