Ата-аналар, 5 сынып

16 қазанда 5-сыныпта «5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында оқушылардың жаңа оқу жағдайына бейімделу ерекшеліктері, оқу жүктемесіне үйренуі, эмоционалдық жағдайы және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылды. Баланы түсінуге, мұқият тыңдауға, қолдау көрсетуге, күн тәртібін ұйымдастыруға және жауапкершілігін біртіндеп дамытуға ерекше назар аударылды. Жиналыс қорытындысы бойынша ата-аналарға балалардың бейімделу кезеңінде қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар берілді.