3-сыныпта «ДосболLIKE»
3-сыныпта «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында «Мен бірегеймін» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың өзіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру, өз күшіне деген сенімділігін арттыру және әр адамның жеке ерекшеліктерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысында оқушылар әр адамның өзіндік ерекшелігі бар екенін, әрқайсысының қабілеті, қызығушылығы, таланты мен жеке қасиеттері болатынын талқылады. Балалар қызықты тапсырмаларды орындап, өз ойларымен бөлісті, өздерінің мықты жақтары туралы айтып, бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді байқауға үйренді.
