Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен интеллектуалдық сайыс

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен интеллектуалдық сайыс. 2026 жылғы 11 қараша күні 9-сынып оқушылары арасында «Бір шаңырақ астында: Тіл мен тілдесу» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. Оқушылар мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ұлттық аспаптар мен тарихи тұлғаларға қатысты тапсырмаларды орындап, білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сайыс үш тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.