2-сыныптағы ата-аналар жиналысы.
Бүгін 2-сыныпта «Екінші сынып оқушыларының жас ерекшеліктері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында бастауыш мектеп жасындағы балалардың даму ерекшеліктері талқыланып, екінші сынып оқушылары кездесуі мүмкін қиындықтар және балалардың табысты білім алуына, дамуына және өз қабілеттерін ашуына қалай көмектесуге болатыны туралы әңгіме өрбіді. Балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөліне, олардың оқуға деген қызығушылығын қолдауға, дербестік пен жауапкершілікті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар балалардың заманауи цифрлық әлемдегі қауіпсіздігі мәселелері қозғалып, бағалау жүйесіндегі өзгерістермен таныстырылды.
