ЦППР 5-8 сынып
13.10 күні ата-аналармен ЦППР сабағы өткізілді. Тақырыбы: «Жасөспірімді қалай түсінуге және қабылдауға болады: сенімді диалог».
ЦППР жұмысы аясында ата-аналармен жасөспірімдермен сенімді қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыруға және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған сабақ өткізілді. Сабақ барысында ата-аналар «Шеңбер бойынша комплимент», «Мені тыңда», «Рөлдермен ауысайық», «Қолдау сөзі» ойын жаттығуларына және «Алға бір қадам» рефлексиясына қатысты. Сабақта баланы сынамай тыңдау, оның сезімі мен пікірін құрметтеу, жанжал жағдайларында дұрыс әрекет ету және қолдау сөздерін қолдану дағдыларына ерекше көңіл бөлінді. Қорытынды: ата-аналар отбасында сенім, өзара түсіністік және эмоционалдық қолдау атмосферасын қалыптастыру бойынша практикалық ұсыныстар алды
