4-сыныпта «ДосбоLike»

4-сыныпта «ДосбоLike» бағдарламасы аясында «Сөз – қарым-қатынастың негізі» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар сөздің қарым-қатынастағы маңызын талқылап, жылы сөз адамның көңілін көтеріп, қолдау көрсететінін, ал ауыр сөздер жүрекке жара салуы мүмкін екенін түсінді. Сонымен қатар буллинг мәселесі, оның салдары және қорлауға бейжай қарамаудың маңыздылығы туралы әңгімелесті. Сабақ соңында оқушылар бір-біріне ізгі тілектерін айтып, сыйластық, мейірімділік пен өзара қолдау сыныпта достық пен жағымды қарым-қатынас орнатуға көмектесетінін атап өтті.