АПҚО, 9-11 сынып
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының (АПҚО) жұмысы аясында 9–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Кәсіби өзін-өзі анықтау: таңдауына қолдау көрсету, өз пікірін таңбау» тақырыбында сабақ өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — ата-аналарға жасөспірімдермен болашақ білім алу бағыты мен мамандық таңдау туралы сенімді әрі қолдауға негізделген диалог құруға көмектесу.
