"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2024 жылға арналған есеп

  1. Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы Есіл ауданы Заречное ауылы көшесі Ы.Алтынсарин 21.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Ақмола облысында білім беру саласында 7 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2024 жылы 47 қызмет көрсетілді (Білім бөлімдері мен аудандарды (қалаларды)есепке алмағанда;

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген-0 қызмет;

электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-39 Қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-8 қызмет.

 

 

         3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

         "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

   2. Қызмет алушылармен жұмыс:

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол

   Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0008.esil.aqmoedu.kz  мектептер "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптар тізбесі орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

  Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.Білім басқармасы мен ведомствоға бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

  3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

 

  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

  Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары бірыңғай ақпараттық жүйеде Аkmola.kz порталында жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің  ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 15 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты тұлғалар біліктілікті арттыру курстарынан өтті, әрі қарай білікті артып отыруды жалғастырамыз.

 

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

  1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  2024 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

  2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

  Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес бақылау іс-шаралары өткізілді. Бақылау іс-шараларын жүргізу кезінде бірқатар ұйымдарда бақылау іс-шаралары барысында жойылған жекелеген сәйкессіздіктер байқалды. Жалпы, олар көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына әсер еткен жоқ.  Мемлекеттік қызметтерде бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

 

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оныңсапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2025 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

  2025 жылы білім білім беру бөліміжәне ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

 

 

Мектеп директоры:                   Сапарова Е.С.

 

 

 

 

 

Орынд. А.Чуфарова

Тел.26-5-27

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 25.02.2025 17:30
Құрылған күні: 25.02.2025 17:30

Текст