"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі қарсаңында өткізілетін «Тілдер шеруі» айлығының іс-шаралар: «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

14.10.2019

Қазақстан халқының тілдер күні мерекесі қарсаңында өткізілетін «Тілдер шеруі» айлығының іс-шаралар:

«Тіл мәртебесі- ел мәртебесі»

Тіл халықпен бірге туып, бірге жасайды,  сондықтан да әр-бір тіл өз елі үшін анадай ардақты. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деп Майқы бабамыз айтып кеткендей әр тілдің өз мемлекетінде алатын маңызы зор. Оларды бір-бірімен жарыстыруға, бәсекеге түсіруге болмайды деп білеміз. Өйткені әр тілдің өз даму тарихы, басынан өткерген тарихи оқиғалары болады. Кез-келген тіл өзінше қасиетті, өзінше құдіретті.  Десек те, «ана тілің алпыс тілге татиды » дегендей әр халық өз тілін құрметтеп, ардақтауы тиіс.

Қырық рулы қазақ елі тілі, діні, ділі бір ұлт болып Ұлы даланы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, асқан мәрттікпен иемденіп келеді. Қазақ елі егемендігін алғаннан бері тіл мәселесіне көп көңіл бөлінді. Өз ана тілімізді қорғайтын «Тіл туралы заң» қабылданды. Халқымыз әр жыл сайын тілдер мерекесін атап өтетін болды. Осындай іс-шара Ақмола облысы Есіл ауданы Заречный орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің бастауымен өткізілді. Тілдер апталығының тақырыбы «Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» деп аталды.Аптаның бірінші күнінен бастап «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» деген атпен көрме ұйымдастырылды.Көрмеге жауапты мұғалім  Мухаш С. және кітапханашылар: Алтынбекова Г.А. болды. Осы тақырып аясында «қазақ тілі кафедрасының» ұстаздары бір апта бойы  оқушылармен жұмыс жасап, оларға өзге тілдің бәрін білу керектігін, бірақ ана тіліңді құрметтеп, мемлекеттік тілді қастерлеу керектігін ашық-тәрбие сағаттарында айтып түсіндірді, олардың қазақ тіліне деген  сүйіспеншіліктерін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында аянбай тер төкті. Орыс сыныптары түгелдей қазақша сөйлеуге тырысты. Атап айтсақ мынадай мұғалімдер тіл апталығында жүйелі де,тәрбиелік мәні зор жұмыс жасады. Алтынбекова Г.А.  «Абай –дана, Абай – дара қазақта»(Абайдың 170 жылдығына арналған әдеби кеш). Мухаш С. «Тіл – менің тағдырым»(Үш тілде өткізілетін дөңгелек үстел). Алтынбекова Г.А. «Атадан қалған асыл сөз» (ашық сабақ). Мухаш С. «Жаңғырудың жаңа белесі- латын әліпбиі»(Сабақтан тыс шара). Алтынбекова Г.А «Абай әлеміне саяхат»(Зияткерлік ойын). «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».(Абайдың 170 жылдығына арналған сабақтан тыс шара). Өткізілген іс-шараның нәтижесі ойдағыдай болды. Біздің мақсатымыз оқушылардың қазақ тіліне деген жанашырлығын күшейту еді. Қойылған мақсатқа түбегейлі жеттік деп ойлаймыз.Атылмаш шараны Мухаш Сандугаш «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің тарихи маңызды» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларына  сыныптан тыс шара ұйымдастыра отырып, баяндама жасады. Өзге ұлт өкілдерінің оқушыларымен пікір алмаса отырып, олардың болашақта қазақ тілінің мәртебесі артып, дүниежүзілік ұлттық қатынас тілі болып қалыптасуына сенімді екендерін ашық айтты.

Егеменді ел болғандағы ұлы мақсаттарымыздың бірі қазақ халқының ұлттық құндылығының жоғары болуы еді. Ендеше осы мақсатта ары қарай жұмыс жасау барлық қазақстандықтардың міндеті екенін әр-бір тұлға ұмытпаса иги еді. Кемеңгер Абайдың «әкеңнің баласы болма, адамның баласы бол»  деуі осында.

 

                                                     Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдіскер мұғалімі: Мухаш С.

Просмотров: 995


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст