"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар жарақаттануының алдын алу бойынша шараларды күшейтуге қатысты

29.05.2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) биік ғимараттардың терезелерінен, балкондарынан және шатырларынан құлауы салдарынан балалардың өліміне әкелетін қайғылы оқиғалардың көбейуіне алаңдаушылық білдіреді. 14 мамыр күні Ақтау қаласында 6 жасар бала тұрғын үйдің, 15 мамыр күні Талдықорған қаласында бала балабақша терезесінен құлап кеткен.

      Бүгінгі күні Министрлік балалардың құқықтарын қорғау мүддесінде балалардың сыртқы себептерден, қаза болғандығы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы жарияланған жаңалықтарды үнемі қадағалап отырады.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес 2018 жылы қайтыс болған балалардың саны 5 270 құрады, оның ішінде аурудан 4 216 бала, сыртқы себептерден 1 054 бала.

         Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде 255 бала қаза болды, суға кету – 183, улы газбен улану – 45, жоғары ғимараттардан құлау – 39, кісі өлтіру – 25, суицид-178.

       Балалардың сыртқы себептерден қаза болуының жоғары көрсеткіші 2018 жылы Түркістан облысында – 213 жағдай; Алматы облысында – 144 жағдай; Жамбыл облысында – 95 жағдай; Солтүстік Қазақстан облысында-71 жағдай, Батыс Қазақстан облысында – 63 жағдай тіркелді.

         Талдау көрсетіп отырғандай, балалардың жазатайым оқиғалар салдарынан қаза болу себептері туралы ата-аналардың хабардар болу деңгейі төмен болып қалып отыр, бұл алдын алу сипатындағы шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді.

Министрлік  балаларға арналған қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша жағдайларды жасау және ұйымдастыру мәселесі бойынша               ата-аналардың, қоғамдастықтың жауапкершіліктерін және хабардардылығын арттыру, сондай-ақ балалар өліміне қатысты қайғылы жағдайларды болдырмау, олардың жақсы өмір сүруіне қолайлы ортаны құру мақсатында  келесі шараларды қабылдау қажет деп есептейді:

  1. балалардың биік ғимараттардың терезелерінен, балкондарынан және шатырларынан құлауымен байланысты болатын қайғылы оқиғаларының статистика туралы халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
  2. білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың өлім-жітімін және жарақаттану фактілерін болдырмау жөнінде қалалық, аудандық білім беру бөлімдеріне әдістемелік-нұсқаулық хаттар жолдау;
  3. білім беру ұйымдарында балалардың болуы кезеңінде педагогтер мен тәрбиешілер арасында еңбек қауіпсіздігі техникасы және олардың жауапкершілігін арттыру бойынша нұсқаулықтар жүргізу;
  4. білім алушылардың денсаулығын сақтау жөнінде заңнаманың бұзылуына жол берген білім беру ұйымдарының басшыларына тұрақты негізде әкімшілік шара қолдану;
  5. құқық қорғау органдарымен бірлесіп, балалардың жол-көлік оқиғаларынан зақымдануын алдын алу, олардың жолда қауіпсіз жүру дағдыларына бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуді жалғастыру;
  6. білім беру ұйымдарының терезелеріне қорғау тетіктерін орнату жөнінде қосымша шаралар қабылдау.

         Бұдан басқа, білім беру ұйымдарында тәрбиелеу жұмысын жетілдіру жөніндегі функционалдық міндеттерді іске асыру кезінде оқушылар мен тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету қағидатына сүйену арқылы екенін маңызды деп санаймыз.

Просмотров: 805


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст