"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретің мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Заречное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области"

Соцсети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Заречный орта мектебі» КММ бойынша Жеңіс күнінің 74 жылдығына арналған іс-шаралар ақпараты

20.05.2019

Заречный орта мектебінде Жеңіс күнін мерекелеу аясында іс-шаралар жоспары құрылды.

        4 мамыр күні жалпы мектептік сап түзеу және ән байқауы өтті. Әр топтың командалары жеке бағаланды. 1 орынды - 4, 8 командалары мен 11 сынып иеленді. 2 орын - 1, 5, 9, 10 сыныптар болса, ал 3 орын – 3,6 сыныптар иеленді.

        Іс-шара жақсы, достық көңілде өтті. Оқушылар байқауға үлкен қызығушылықпен дайындалды. Көрермендер алдында қуана сап түзеп жүрді.           8 мамыр күні ұйымдастырылған "Отанды қорғау – деген мамандық бар" атты суреттер көрмесіне мектеп оқушылары белсенді қатысты. 8 мамыр күні тақырыптық сынып сағаттары өтті.

        Кітапханаға келушілердің барлығы екі апта бойы ұйымдастырылған "Олар Отан үшін шайқасты" атты кітап көрмесін тамашалады.

        8 мамыр күні "жүректің естелігі"атты мерекелік концерт өтті. Балалар соғыс жылдарындағы әндерді орындап, өлеңдер оқыды, театр қойылымдарын көрсетті, би биледі. Барлық нөмірлерді көрермендер жылы шыраймен қарсы алды.

     9 мамыр күні таңертеңнен бастап мектепте ерекше салтанаттылық сезілді. Таңғы сағат 10-да "Мәңгілік полк"акциясы өтті. Оқушылар салтанатты түрде, ардагерлердің портреттері мен гүл, шарларын ұстап, Заречный көшелері бойымен Жеңіс саябағына келіп, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетті. Өкінішке орай, Жауынгерлер аз қалды, бірақ олар туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

       9 мамыр күні таңғы сағат 11 - де Жеңіс саябағында митинг өтті. Оқушылар өлең оқып, ән айтты. Митинг соңында ескерткішке гүл шоқтарын қоюмен аяқталды. «...Бұл өлілерге емес, тірілерге қажет…»

Просмотров: 583


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст