Текст
Солтүстік Қазақстан облысаралық геология департаменті, Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігі Геология комитеті және Есіл аудандық білім бөлімі бірлесіп «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында 9-11 сынып оқушылары арасында көшпелі экскурсия ұйымдастырды.
Саяхат балалардың жан-жақты эмоциясын оятты. Олар геологиялық жұмыстарды үлкен қызығушылықпен бақылап, мамандарға сұрақтар қойып, тау жыныстарының үлгілерін тамашалады.