Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына баратын баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына оқушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағында тұратын білім алушыларға қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы және білім алушылардың жеке өтініші немесе олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші негізінде, сондай-ақ негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы негізінде жүзеге асырылады.
Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.