1. Жалпы жағдай
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қолжетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 2021 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті.
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2021 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 47 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті. Мемлекеттік органдар арқылы 45 (12,8 ) мемлекеттік қызмет көрсету, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 2 (2,1 ) мемлекеттік қызмет көрсету, «электрондық үкімет» порталы арқылы 2 (2,1%) мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 5, ақылы негізде - 0 қызмет түрі көрсетілді..
2. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс.
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Заречный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. Ата-ана қоғамы мен мектеп қызметкерлері әртүрлі қызмет түрін e.gov.kz. порталы арқылы алады. 2021 ж қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамасыз ету, қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру, мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу, қызметті көрсету бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау.
Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.
5. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсетусапасы мен қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.
Мектеп сайты мен жалпы мектептің ата-ана жиналысында жеке тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады.
Жалпы, 2022 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.
Мектеп директоры Сапарова Е. С.